Денсаулық сақтау бойынша Қазақстандық халықаралық көрме
26-28 қазан 2022
Нұр-Сұлтан, Қазақстан

РЕСМИ ҚҰТТЫҚТАУ СӨЗДЕРІ 2021

Құрметті қатысушылар мен қонақтар!

Сіздерді «Денсаулық сақтау» Astana Zdorovie 2021 Қазақстандық халықаралық көрмесінде көргеніме қуаныштымын!

Биыл халықаралық көрме, бірінші кезекте, бүкіл әлемдегі күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты жаңа сын-қатерлер жағдайында өтуде.

Көрмеге Медициналық және зертханалық жабдықтарды, реагенттер мен шығыс материалдарын, дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды, сондайақ фармацевтикалық өнімдерді, фармацевтикалық өндіріске арналған шикізат пен технологияларды қазақстандық және шетелдік өндірушілер мен жеткізушілер қатысады.

Коронавирустық инфекцияның пандемиясына байланысты медициналық ұйымдарды заманауи медициналық жабдықтармен (КТ, рентген жабдықтары, ӨЖЖ аппараттары) жедел жарақтандыру жүргізілгенін атап өткім келеді.

Осыған байланысты, бұл халықаралық көрме әсіресе өзекті болып табылады. Іскерлік Бағдарламаға қатысушылардың назарында covid-19 пандемиясы және басқа да қатерлер жағдайында денсаулық сақтау жүйесінің жұмыс істеуін талқылау болады.

Әсіресе, осы қиын-қыстау кезеңде әлемдік қоғамдастықтың covid-19 диагностикасы, емі және алдын алу мәселелері бойынша өзара іс-қимылы өте маңызды.

Көрме және оның аясында өткізілетін іскерлік іс-шаралар мамандарға covid-19 диагностикасының мәселелерімен, асқынулардың қалыптасу ерекшеліктерімен және вакцинациядан кейінгі иммунитетті әзірлеумен бөлісуге мүмкіндік береді. Көрме алаңында алғаш рет "Global Pharm" I Халықаралық фармацевтикалық Форумы және "MedTech" медициналық техника жөніндегі I Халықаралық форум өтеді.

Көрме мен іскерлік бағдарлама мазмұнды әрі сындарлы түрде өтетініне, бұл отандық денсаулық сақтауды жетілдіруге және Қазақстан азаматтарының өмір сүру сапасын арттыруға ықпал ететініне сенімдімін.

"Astana Zdorovie" жобасының қатысушылары мен ұйымдастырушыларына жемісті жұмыс, мықты денсаулық және амандық тілеймін!

 

Алексей Владимирович Цой

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрі


Құрметті «Денсаулық сақтау» - ASTANA ZDOROVIE 2021

көрмесінің қатысушылары мен қонақтары!

«СҚ-Фармация» ЖШС атынан «Денсаулық сақтау» -Astana Zdorovie 2021 17 - ші Қазақстандық халықаралық көрмесінің қонақтары мен қатысушыларын көргеніме қуаныштымын!

Бірыңғай дистрибьютор жүйесі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде халықты дәрілік заттармен қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының фармацевтика саласының орнықтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру, дәрілік заттарды мемлекеттік сатып алуды шоғырландыру жолымен фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту мақсатында құрылды.

Astana Zdorovie 2021 қонақтары мен қатысушыларын көрменің ашылуымен құттықтағаныма өте қуаныштымын!

Шынында да, бір жыл бұрын офлайн іс-шараларды өткізу нанғысыз болып көрінді, бірақ бүгінде жаппай егу және карантиндік шараларды сақтау арқылы қоғам біртіндеп бұрынғы өмір ырғағына оралып келеді.

Қазіргі уақытта Қазақстанда бес вакцина тіркелген – CoronaVac, Hayat-Vax, Qaz-Covid-In (QazVac), Гам-Ковид-Вак (Спутник-V) және SARS-CoV-2 Vaccine (Vero cell) Sinopharm. Бірыңғай дистрибьютор иммунобиологиялық препараттардың логистикасын GMP және GDP барлық стандарттарын, сондай-ақ «суық тізбекті» сақтай отырып жүзеге асырады.

Мұның бәрі бізге ҚР халқын жаппай вакцинациялауды аяқтауға мүмкіндік береді. Astana Zdorovie көрмесіне Беларусь, Германия, Үндістан, Қазақстан, Қытай және Ресей компаниялары қатысуда екенін атап кетуге қуаныштымын.

Көрмеден басқа, мазмұнды іскерлік бағдарлама жоспарланған. Алғаш рет «СҚ-Фармация» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп «MedTech» медициналық техника жөніндегі халықаралық форум мен «Global Pharm» фармацевтикалық форум өткізеді.

Бұл оқиғалар мамандарға Қазақстанның денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық техникамен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіруге, ҚР-дағы оқшаулау/келісімшарттық өндірістің перспективаларына, отандық фармацевтикалық саланы дамытуға қатысты бірқатар мәселелерді талқылауға мүмкіндік береді.

Astana Zdorovie көрмесі және оның аясында өткізілетін іскерлік оқиғалар халықаралық байланыстарды нығайтып, қазақстандықтардың игілігі үшін қазақстандық фармацевтикалық және медициналық салаларды дамытуға серпін беретініне сенімдімін.

Astana Zdorovie 2021 қонақтары мен қатысушыларына жемісті жұмыс, табыс және мықты денсаулық тілеймін!

 

Ерхат Серикович Искалиев

«СҚ-Фармация» ЖШС Басқарма төрағасы


Құрметті «Денсаулық сақтау» - ASTANA ZDOROVIE 2021

көрмесінің қатысушылары мен қонақтары!

Қазақстан Республикасындағы халықаралық фармацевтика өндірушілері қауымдастығының атынан «Денсаулық сақтау» - ASTANA ZDOROVIE 2021 17-ші Қазақстандық Халықаралық көрмесінің қонақтары мен қатысушыларын қарсы аламын!

Биыл Astana Zdorovie көрмесі бүкіл әлемдегі күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты жаңа сын-қатерлер жағдайында өтуде.

Қолданыстағы шектеулерге қарамастан, Қазақстанның астанасында медициналық жабдықтарды, фармацевтикалық препараттарды және ингредиенттерді жетекші өндірушілер мен жеткізушілер жиналғанын атап өткенім қуантады.

Astana Zdorovie көрмесінің міндеті – мамандарды медицина және фармацевтика саласындағы жаңа жетістіктермен таныстыру.

Қазақстан Республикасындағы Халықаралық фармацевтикалық өндірушілер қауымдастығы дәрігерлерді, ғалымдарды, медициналық жабдықтарды, инновациялық технологияларды әзірлеушілер мен өндірушілерді, сондай-ақ әртүрлі елдердің билік және бизнес өкілдерін біріктіретін Astana Zdorovie жобасын қолдайды.

Биылғы жылы көрме аясында мазмұнды іскерлік бағдарлама ұйымдастырылды, ол медициналық қоғамдастық алдында тұрған бірқатар маңызды мәселелерді, соның ішінде COVID-19 таралуын болдырмау шараларын талқылауға мүмкіндік береді.

Көрменің барлық қатысушылары мен қонақтарына жемісті жұмыс тілеймін!

 

Вячеслав Нотанович Локшин

Қазақстан Республикасы халықаралық фармацевтикалық

өндірушілерінің қауымдастығының Президенті


Құрметті «Денсаулық сақтау» - ASTANA ZDOROVIE 2021

көрмесінің қатысушылары мен қонақтары!

«Қазақстан Республикасының фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығы» нысанындағы ЗТБ атынан «Денсаулық сақтау» - Astana Zdorovie 2021 17-ші Қазақстандық халықаралық көрмесінің қонақтары мен қатысушыларына қарсы аламын! 2020 жыл бүкіл әлем үшін қиын жыл болды.

Негізгі соққы кәсіби парызына адал болып қалған біздің дәрігер-әріптестерімізге, фармацевтерге тигенін білеміз.

Коронавирустың шекаралары мен ұлттары жоқ. Адамзаттың алдында тұрған жаһандық қауіп-қатерлерге ортақ технологияларды қолдану, ресурстар мен әлеуетті біріктіру арқылы ғана қарсы тұруға болады.

Қазір ғалымдардың, фармацевттер мен дәрігерлердің күш-жігерін шоғырландыру өте маңызды.

Халықаралық ынтымақтастықтың арқасында бүгінде бізде COVID-19 ауруының өсуіне жол бермейтін бірнеше тиімді вакциналар бар.

COVID-19 пандемиясы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың отандық фармацевтикалық өндірісін дамытудың қаншалықты маңызды екенін көрсетті.

Өткізіліп жатқан Astana Zdorovie 2021 көрмесі және мазмұнды іскерлік бағдарламасы медицина және фармацевтика саласындағы маңызды мәселелерді талқылауға мүмкіндік беретініне сенімдімін.

Екі жылға жуық үзілістен кейін мамандар денсаулық сақтау саласына қажетті ең заманауи жабдықтар мен технологиялармен таныса алады.

Astana Zdorovie 2021 көрмесі қатысушыларға саладағы өз жағдайы туралы мәлімдеуге, әлеуетін көрсетуге, іскерлік байланыстарды нығайтуға және ынтымақтастық көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік беретініне сенімдімін.

Қазақстандық фармацевтикалық компаниялардың көрмеге қатысуы қуантады, бұл олардың осы нарықтағы табысты жұмысының дәлелі болып табылады.

Қонақтар мен қатысушыларға жемісті жұмыс, табыс және мықты денсаулық тілеймін!

 

Марина Ивановна Дурманова

ЗТБ Қазақстан Республикасының фармацевтикалық қызметті қолдау

және дамыту Қауымдастығының Президенті


Құрметті «Денсаулық сақтау» - ASTANA ZDOROVIE 2021

көрмесінің қатысушылар және қонақтары!

Iteca компаниясының ұйымдастырушысы атынан «Денсаулық сақтау» - Astana Zdorovie 2021 17 - ші Қазақстандық халықаралық көрмесінің қонақтары мен қатысушыларын көргенімізге қуаныштымыз!

Біз екі жылға жуық үзілістен кейін Astana Zdorovie жобасының Денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін іскерлік және коммуникативтік алаңға айналғанына өте қуаныштымыз.

Осы жылдар ішінде Astana Zdorovie жобасы отандық медицина мен фармацевтика саласының дамуына елеулі үлес қосты.

Жыл сайын көрме халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, озық технологияларды енгізуге және денсаулық сақтауды дамытуға ықпал етеді.

Биылғы жылы көрмеге Беларусь, Германия, Үндістан және Ресейден 70-тен астам компания қатысып отырғанын атап өткен жөн. Қатысушылардың 60% - қазақстандық компаниялар, 40%-шетелден келген экспоненттер, бұл көрменің халықаралық мәртебесін және оның халықаралық ұзақ мерзімді серіктестік қатынастарды орнатудағы тиімді рөлін куәландырады.

Кең экспозицияны ресейлік қатысушылар, соның ішінде Мәскеу, Новосибирск және Томск облыстарының ұжымдық стендтері ұсынады.  Биылғы жылы қатысушыларды мазмұнды іскерлік бағдарлама күтуде.

Көрме алаңында алғаш рет «СҚ-Фармация» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп ұйымдастырған «MedTech» медициналық техника жөніндегі халықаралық форумы мен «Global Pharm» фармацевтикалық форумы өтеді.

Сондай-ақ, зертханалық медицина федерациясы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ғылым және адами ресурстар департаментінің және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен «короновирустық инфекцияның зертханалық диагностикасы» республикалық конференциясын, «ҚР Бас зертханашысы мектебі (1 кезең)» семинаркеңесін және «ҚР зертханаларында тәлімгерлік бағдарламасын іске асыру» семинаркеңесін ұйымдастырады.

Ұйымдастырушылар атынан Astana Zdorovie оқиғасына жыл сайын қолдау көрсетіп, белсенді қатысқаны үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне, Нұрсұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына, «СК-Фармация» ЖШС-ге, Еуразиялық медициналық қауымдастыққа, Қазақстан Республикасындағы Халықаралық фармацевтикалық өндірушілер қауымдастығына және «Қазақстан Республикасының фармацевтикалық қызметін қолдау және дамыту қауымдастығы» нысанындағы ЗТБ-ға алғыс білдіреміз.

Astana Zdorovie 2021 көрмесінің қонақтары мен қатысушыларына жемісті жұмыс, табыс және мықты денсаулық тілейміз!

Astana Zdorovie ұйымдастыру комитеті